Ақтөбеде зенитті зымыран тауып алған әйел марапатталды

Ақтөбе тұрғыны суицид жасамақ болған әйелді арашалап қалды.

Оқиға көп қабатты үйлердің бірінде болған. Аслан Бақтығалиев өз үйінің терезесінен бесінші қабаттағы көршісінің секірмек болғанын байқап қалған. Ол киіміне ілініп, салбырап тұрған. Аслан дереу көмекке ұмтылып, әйелді жалғыз өзі құтқарып алған. 

Аслан Бақтығалиев, қала тұрғыны:

- Аяғым подоконикте тұрды ғой. Екі қолыммен жайлап анау киіммен ілініп тұрды ғой, жайлап астыға қарай түсіріп алдым да, өзіме кіргізіп алдым. Үйге әкеліп бетіне су шашам, кішкене оятам ғо. Сол кезде уже есін жинағаннан кейін балам "рахмет, рахмет, рахмет"деп, сол кезде ол өмірдің несін түсінді да. 

Асланнан бөлек Индира Үмбетова да көпке үлгі боларлық әрекет жасады. Ол үйінің ауласында жер қазып жатқанда зенитті зымыран тауып алған. Тот басқан снарядты көре сала тәртіп сақшыларына хабар берді. Полиция департаментінің басшылығы үлгілі ісімен танылған қос тұрғынды алғыс хат және ақшалай сыйлықпен марапаттады. Аймақта биыл қоғам өміріне бей-жай қарамайтын азаматтардың ықпалымен 8 қылмыстық іс және 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.