Отбасына қысым көрсеткен 200 «агрессор» анықталды

Елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен 6 мың құқық бұзушы сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ 5 мың отбасы зерттеліп, 200 «агрессор» анықталды. Бұл жайында Ішкі істер министрлігінің апталық брифингі барысында айтылды. Дене жарақаты бойынша 49 фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Полицейлердің араласуымен отбасылық жанжалшыларды анықтау және әлеуметтендіру жұмыстары жүргізілуде.

Шілде айынан бері тұрмыстық қылмыстар 2,5%-ке азайған. Оның ішінде ауыр қылмыстардың 10%-ке төмендеу үрдісі байқалады.