Алматы облысында «алтын» жүгеріге сұраныс жоғары

Алматы облысында өсірілетін жоғары сұрыпты жүгері құрамында алтын бар. Бұны ғалымдар дәлдеген.

Әрине, дәнді дақыл құрамындағы бағалы элементтің үлесі аз ғана. Ал отандық ғалымдар шығарған «алтын» атты тұқым Орталық Азия елдеріне экспортталады. Жалпы еліміздегі агросектордың дамуына серпін беріп, отандық тауар өндірушілердің өнімін сыртқа экспорттауға жағдай жасау керек. Бұны Президент биылғы Жолдауында айтқан еді. Бұл ретте Алматы облысындағы жүгері өсіріп, өнім өндіретін шаруашылықты мысалға алуға болады. Элиталы тұқым шаруашылығы ғылыми жолмен жүгерінің 24 буданын шығарды. Олар еліміздегі әр аймақтың табиғаты мен жер жағдайына қарай бейімделген.

Ермек Өскенбаев, шаруашылықтың атқарушы директоры:

- Жаңадан инновациялық технология енгізіп жатырмыз. Ол ғарыш арқылы әр бөлімшенің жерін бақылап отырамыз. Ылғалдылығы қандай, қай уақытта себу керек, қандай тыңайтқыш беру керек. Осының барлығын мамандар өз қарамағында қарап, қадағалап отырады.

Лазер Коич, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы:

- Дәні 100 күнде пісетін жүгерінің ондаған буданын шығардық. Кейінгі 3 жылда ауа райының қолайсыз болуына байланысты жүгеріден ойдағыдай өнім алмадық. Бірақ алда біз тауарлы жүгері өндірісімен айналысамыз. Ғылыми ізденістің нәтижесі жемісін беріп жатыр. Биыл 2 мың тонна тұқымдық жүгері шығарылады. Оны Еуропа елдерінде өсіруге болады.