Жасыл-Ел Тараз мекемесі атқарылмаған жұмысқа ₸58 млн төлеген

Тараздың тазалығына жауапты Жасыл-Ел Тараз мекемесі атқарылмаған жұмысқа 58 миллион теңге төлеген.

Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдері мәлімдеді. Антикор мамандары кәсіпорын жұмысына сыртқы талдау жүргізген. Нәтижесінде қала аумағына орнатылу тиіс ақпараттық пилондар болмай шықты. Кейбір аумаққа абаттандыру жұмыстары жасалмаса да мердігерге қаржы аударылған. Сонымен қоса саябақтардағы арендалық орындардан түскен 6,4 миллион теңге мекеме бюджетіне түспеген. Құзырлы қызмет өкілдері шаһардың дендрологиялық жоспары мүлдем жасалмағанын анықтады. Әрі Жасыл-Ел Тараз басшылығы соңғы 3 жыл конкурс өткізбегені анықталды.

Жалпы әкімдікке қарасты мекемеден 700 миллион теңгеге жуық қаржы бұзушылықтары анықталды. Қазір тергеу амалдыры жүріп жатыр.

Дәурен Омаров, Жамбыл облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- 3 жылдың ішінде 1500-ге жуық осындай келісімшарт жасалған. Бірақ оның біреуі де мемлекеттік сатып алудан өтпеген. Яғни, тікелей әрбір кәсіпкерлік субьектілермен тікелей отырған. Одан кейін, өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік сатып алу жоспары болады. Бастапқыда жыл басында. Мұнда жоспар да жасалмаған. Яғни, мынау берілген қаражаттың барлығы өз бетінше пайдалануға мүмкіншілік болды.