Келер жылы Талдықорғаннан Үшаралға қарай газ желісін тарту жұмыстары басталады

Үш жылдың ішінде 302 шақырымға магистральді құбыр салу жоспарланған.

Нәтижесінде Жетісу облысының Ақсу, Сарқан, Алакөл ауданындары табиғи газбен қамтылады. Өңірді газдандыру ісі 2017 жылдан бері жүргізіледі. Нәтижесінде 200 ге жуық ауылдың 22- сі көмір тасып, от жағу машақатынан құтылды. Және облыс орталығы газдандырылды. Биыл тағы 23 елдімекен табиғи газға қосылады. 2025 жылға дейін мұндай әкімшілік аумактар санын 126 ға жеткізу көзделіп отыр. Жүзеге асатын жобалардың ішіндегі ең ауқымдысы Талдықорған-Үшарал бағыты. Жоба құны 120 млрд теңге. 

Самғат Рахымбай, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- Біз бірінші магистралді тартып аламыз. Ішіне газ жіберіп аламыз. Содан кейін АГРС қойып аламыз. Сонда үш жыл линия тартылады. Жалпы үш аудан бойынша 66 ауыл. Барлық аудандарды газдандыру 2030 жылға дейін жоспарланған.