Биыл Алматы облысында 46 мың жаңа жұмыс орны ашылды

Биыл Алматы облысында инвестициялар есебінен 46 400 жаңа жұмыс орны құрылып, өнеркәсіп көлемі 9% өсті.

Ең көп жұмыс орындары құрылыс, ауыл шаруашылығы және өндіріс саласында пайда болды. Жалпы өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуында оң нәтиже бар. Облыстағы басты мәселенің бірі - игерілмей жатқан  жерлерді мемлекет меншігіне қайтару. Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шеңгелді ауылының тұрғындарымен кездесіп, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Шеңгелді ауылшаруашылығы дамығын аймақ. Жергілікті халық мал шаруышылығын кәсіп етіп, бау-бақшамен айналысады. Облыс әкімімен кездесуде тұрғындар айылымдық жерлердің тапшылығын алға тартты. Жалпы былтырдан бері Қонаев қаласына қарасты аумақта 13 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған.

Марат Бейсенұлы, қоғамдық бірлестік төрағасы:

- Жер үлесі құқығы кімге берілді соларлың өздеріне қайтару. Списокте бар шаруа қожалықтары жерін ала алмай қалғандар жаңағы 6520 га. Үлескерлерге таратылуы керек.

Кездесуде ауыл тұрғындары өрт сөндіру бекетін салуды, ғимараты ескірген ауылдық дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеп беруді сұрады. Сонымен бірге егістік алқаптарын суаруда туындаған мәселелер айтылды. Мұндағы суару жүйелерінің және су сорғы станцияларының 60% тозған.

Марат Сұлтанғазиев, облыс әкімі:

- Бұл сұрақтар туындай береді. Оның барлығын мұқият тыңдадық. Тапсырмаларды тиісті бердік. Тағы да үлкен мәселе Шеңгелді масивіндегі. Ол су жүйесі, су сорғы станциялар. скл «Сол себепті соның жөндеу жұмыстары. Ары қарай сумен қалай қамтамасыз етеміз ол масивті. скл «Биыл жұмысты бастадық. 2-ші су сорғы станциясына 5 млрд.300 млн.теңге бөлінді.

Өңір басшысы Қонаев қаласының даму жоспарын таныстырды. Сол жоспарға сай игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару ісі қатаң қадағалауда болатынын айтты. Болашақта Шеңгелді мен Қонаев арасында «Жаңа Іле» ауданы пайда болады. Онда әлеуметтік-тұрмыстық, рухани-мәдени, білім беру нысандары ашылмақ. 

Авторлары: А. Садуақас, А. Дүйсембаев, А. Жөнкешов