Е.Қошанов: Халықтың 84 пайызында несие бар

Ел тұрғындарының 84 пайызында несие бар.

Соңғы бір жарым жылдың ішінде, олардың саны үш есе артқан. Мәжіліс төрағасының айтуынша, адамдар қарызды қатты қажеттіліктен емес, көп жағдайда оның салдарын түсінбей алған. Қазіргі күні бір адамның басында кемі, екі-үш несие бар. Статистика бойыша шамамен 2 миллионға жуық тұрғын қарызын дер кезінде төлей алмайды. Ерлан Қошанов заңдық тұрғыда, несие беруді қатаңдатуды ұсынды.