Бас прокуратура алаяқтық жасаған күдіктіні Швециядан Қазақстанға экстрадициялады

Осыдан 4 жыл бұрын өздерін «Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз» деп таныстырған бір топ адам алматылық кәсіпкерді қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп қорқытып, одан 30 мың доллар көлемінде ақша бопсалаған.

Олардың қылмыстық әрекетінің жолын кеспек болғанда бір азамат қашып үлгерген. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Кейін Стокгольм қаласында ұсталып, елге жеткізілді. Қазір ол Астана қалалық тергеу изоляторына қамалды. Енді күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дархан Дүйсембай, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

- Олардың әрекеттерінің жолын кесу кезінде біреуі жалтарып үлгерген. Сондықатн оны халықаралық іздеуге жариялаған. Кейіннен күдікті Стокгольм қаласында жүргені анықталған. Және Қазақстандық тараптың өтініш бойынша Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдарымен ұсталған. Қазіргі уақытта Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.