Спорт мамандардың еңбегі еленді

Бүгін елордада Республика күніне орай бірқатар адамға мемлекеттік награда табысталды.

Атап айтқанда, Қазақтсан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының вице президенті Асылбек Құлмағамбетовқа «Парасат» ордені табысталды. Ал Ринат Абдрахманов, Жанат Жалымбетов және Тәжімұрат Найзабеков сияқты азаматтарға «Құрмет» ордегні берілді. сондай-ақ, Салтанаттышара барысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев  туризм саласының қызметкерлеріне, спортшыларға, жаттықтырушылар мен спорт ұйымдарының қызметкерлеріне  «ерен еңбегі үшін» медалін, Мемлекет бавсшысының алғыс хатын және Үкімет басшысының алғыс хатын табыстады. Айтулы күн қарсаңында бас-аяғы 80-нен аса адам осындай ерекше құрметке ие болды.