Таразда сәби саудалағандар 8 жылға сотталды

Таразда жаңа туған нәрестені сатқан медицина қызметкерлері 8 жылға сотталды.

Бұл жағдай жыл басында болған. Шу ауданының 35 жастағы тұрғыны босанып, шақалақты перзентханаға тастап кетпек болған. Онысын көпбейінді аурухана дәрігерлері естіп, балалы бола алмай жүрген адамды тауып, нәрестені 1,5 миллион теңгеге сатқан. Адам саудалағандар құжат жасау кезінде ұсталды.

Досхан Қанабек, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:

- Аталған дерек бойынша Қылмыстық Коддекстің 135-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.