Топар кентінде тағы бір науқас жансақтау бөліміне түсті

Қарағанды облысының Топар кентінде тағы бір адам малдан ауру жұқтырып, жансақтау бөліміне түсті.

Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға бар күшін салып жатыр. Бүгін таңертең қауіпті вирус жұқтырған үш адамның бірі - 75 жастағы қария көз жұмды. Мамандар оның ауруының асқынып кеткенін айтады. Кеше осы Топар кентінде күздікке торпақ сойған отбасы жаппай ұшынған. Мамандар сынама алып, үш адамнан ұшпа диагнозын анықтады. Бірақ ветеринарлар ауру ошағы нақты қайдан шыққанын әлі нақтылаған жоқ.

Бибігүл Төлегенова, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Ем алып жатқан екі науқас бірі 62 жаста. Ол терідегі нысаны ауыр ағынымен тері қабыну синдромының күшейуіне, ісіну көлемінің ұлғаюына байланысты әрі қарай жеке динамикалық бақылау және интенсивті емдеу үшін реанимация және қарқынды емдеу бөліміне ауыстырылды. Үшінші науқас 41 жаста нейробкстағы ем қабылдап жатыр.