Ақтөбеде «Q-NET» қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды

Ақтөбеде «Q-NET» қаржы пирамидасын құрған әйелге сот жаза кесті.

Ол 4 жылда 26 адамды алдап, ақшасын алған. Шығын 37 миллион теңгеден асады. Судья оның бас бостандығынан айырумен қатар бар мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Енді Астана мен Алматыдағы пәтерлері, автокөлігі мемлекет меншігіне өтеді. Зардап шеккен азаматтардың ақшасы толық қайтарылған. Әйелдің кәмелет жасқа толмаған баласы болғандықтан сот үкімі 5 жылдан кейін орындалатын болды.

Динара Гильманова, қалалық №2 сотының судьясы:

- Мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалсын. Сондай-ақ, 7 жылға дейін коммерциялық және қаржы ұйымдарында басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырылсын. Жазасын қауіпсіздігі төмен орында өтесін.