«АрселорМиталл Теміртау» АҚ шетелдік инвесторға беріледі» деген ақпарат жалған

Әлеуметтік желіде «АрселорМиталл Теміртау» акционерлік қоғамының басқа шетелдік инвесторға берілетіні туралы ақпарат тараған. Үкімет бұл деректің шындыққа сәйкес еместігін хабарлайды.

Қазіргі таңда кәсіпорынды Қазақстан Республикасының меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал «АрселорМиталл Теміртауды» басқа инвесторға беру мәселесі қаралған жоқ.