С. Шәріпханов: Шахта жабдығының бұзылуы анықталды

Төтенше жағдайлар министрі шахтаға түсіп, өрт және кеншілер опат болған аумақта тексеріс жүргізді.

Сырым Шәріпханов қазір Аварияны жою жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы екенін айта кетейік. Осы уаққа дейін 45 кеншінің сүйегі табылды. Енді қалған 1 адамды іздеу жалғасып жатыр. Іздестіру жұмыстары екі өндірістік аумақты қамтиды. Екі аралық шамамен бір-бірінен 6 шақырымдай қашықта орналасқан.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды. Онда шахта жабдығының бұзылуы мен металл аркаларының және желдету құрылыстарының зақымдалуы анықталды. Қазіргі кезде көзге көрінетін жану ошақтары жоқ.