Астананың бірқатар бөлігінде жарық сөнді

Жаңа сағат кешкі 9-дан 58 минут кеткенде Астананың бірақатар бөлігінде жарық сөніп, су келмей қалды.

Астана электр таратушы компаниясының хабарлауынша, «Астана-Энергия» акционерлік қоғамына қарасты екінші жылу энергия орталығында қысқа тұйықталудан генерация төмендеген. Сол себепті осы орталықтан қуат алатын подстанцияларда шектеу бар. Ал Астана су арнасы әзірге сорғылар жұмыс істеп тұрғанда тұрғындардың қажетті мөлшерде су жинап алуын ескертті. Дегенмен олқылықты түзеу үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Ресми орындар электр энергиясы көп ұзамай беріледі деп хабарлады.