Ақтөбедегі саябақ құрылысы қашан бітеді?

Ақтөбеде былтыр басталған саябақ құрылысы әлі бітпеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мердігерлер демалыс орнын биыл күзге дейін тапсырамыз деген. Алайда жоспар сөз жүзінде қалды. «Алтын орда» ауданының көшелерін байланыстыратын жаяу жүргіншілер жолының жиегі жасыл желекпен көмкерілуі тиіс еді. Егілген  шырша мен қарағайдың дені қурап қалды. Жобаны жүзеге асыруға «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» аясында ірі кәсіпорын қаржы бөлген болатын. 300 млн теңгеден астам ақшаға тал-терек егіп қана қоймай, түрлі  сәулет нысандары орнатылуы тиіс еді.  

Серік Дәулетов, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқаннан кейін өз тарапынан жүргізілуі керек еді жаңағы суару жұмыстары, басқа да күту жұмыстары. Алайда мердігер мекеме тарапынан осы бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілген жоқ. Қазіргі уақытта біздер ТҮКШ бөлімі тарапынан дефектілік акт толтырып, мердігер мекемеге нұсқамалық хаттама жолданды.