Қазақстанда лазермен шабуыл жасау жиілеген

Қазақстанда лазермен жасалатын шабуыл түрі көбейген.

Олар көбіне түнгі уақыттары ұшақтарға жасалады. Қуаты 1000 мегават болатын лазер жарығы ұшқыштарды алаңдату үшін қолданылады. Бұл алдын алмаса апатқа әкеп соғуы мүмкін, дейді мамандар. Жыл басынан елімізде дәл осындай 15 оқиға болған. Бұл жайында бүгін авиация қауіпсіздігі жөніндегі семинарда айтылды. Жиында сондай-ақ әуежайларды дрондардан, кибершабуылдан қорғау жайы сөз етілді.  Еуропалық азаматтық авиация конференциясы ұйымдастырған іс-шараға Франция, Ұлыбритания, Португалия, Украина сынды алыс-жақын елдерден мамандар қатысты.

Нұржан Малаев "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ департаментінің директоры: