Өскеменнің экологиялық жол картасы жасалады

Өскеменнің экологиялық ахуалын жақсартуға арналған «жол картасы» жасалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – шаһардағы ең өзекті мәселені Үкімет деңгейінде шешуге арналған негізгі құжат. Қалада ірі өндіріс орны көп. Бір жылда ауаға 54 мың тоннадан астам зиянды қалдық тарайды. Жер үйлерден және көліктерден шыққан қара түтін тағы бар. Сондықтан экологиялық жол картасының  берері көп, - дейді мамандар. Себебі картада әр өндіріс орны зиянды қалдықтарды азайту үшін алдағы 3 жылда қандай шара жасайтынын көрсетеді. Кешенді жоспар қағаз жүзінде қалып қоймай, нәтиже беруі қажет, - дейді сала өкілдері.

Данияр Әлиев, ШҚО Экология департаментінің басшысы:

- Бізге қазірге 10 күн берілді, соның нәтижесі бойынша сол жол картасын біз Үкіметке бекітуге ұсынамыз. Бұл жолы біздің мақсатымыз тек қана мына кішкене бір саланы көтермей, жалпы проблемаларымыз көп, ауаны жақсартуға радиоактивті қалдықтарды өңдеуге, осы кешенді жоспарды оны біз тек облыстық қана бюджет емес, ол республикалық бюджетке де байланысты.