Сыр өңіріндегі Қалжан Ахун ауылына газ берілді

Сыр өңіріндегі Қалжан Ахун ауылына көптен күткен көгілдір отын жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

200-ге жуық үйге газ құбыры тартылды. Жобаы іске асыру үшін 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Алдағы жылы осы аймақтағы Асқар Тоқмағамбетов, Сәкен Сейфуллин ауылдарын да табиғи газмен қамту жоспарланған. Қытымыр қыс таяғанда пеш жағып, күл шығару бейнетінен құтылған тұрғындар қуанып жүр.

Өңірде биыл 12 ауыл табиғи газға қосылады. Бұл елді мекендерде 40 мыңнан астам тұрғын бар. Осылайша, өңірді газдандыру көрсеткіші 75%-ке жетпек.

Балтөре Мамаева, ауыл тұрғыны:

- Көмірдің мәселесі де қазір, шынын айту керек, қиындау. Оның ішінде, шүкір, қазір жас балалар, нәрестелер келіп жатыр дүниеге. Оларға да күндіз-түні жылу керек. Осы ауылға көңіл бөліп, тұрмыс, жағдайға көңіл бөліп, осындай жақсы тұрмысқа жеткізіп жатқанына рақмет айтамыз көп-көп.