Қостанай облысында қызылша ауруы күнде тіркеледі

Жұқпалы инфекция балабақша мен мектептерде көбейіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізінен 14 жасқа дейінгі балалар ауырып жатыр.  Жыл басынан вирус жұқтырғандар саны 100-ге жақындады. Инфекцияның шарықтау шегі маусым айында байқалды. Қазір оған қарсы екпе жүргізіліп жатыр. Осы күнге дейін 1 жастан 6 жасқа дейінгі 14 мың бала вакцина алды.  Мамандардың айтуынша, ұжымдық иммунитет қалыптаспағандықтан, инфекция жаппай таралып жатыр. Сондықтан қосымша екпе салу шарасын жүргізу жоспарланып отыр.

Әйгерім Қалиева, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Уақытында екпе алмаған адамдар бар. Қызылша ауруымен күніне шамамен 2-4 науқас тіркеледі. Қазір облыста 12 мың вакцина бар. Жыл аяғына таман қосымша тағы алдыртамыз. Бұл жолы бірнеше топтағы тұрғындар қамтылады. Алдымен 6 айдан 10 айға дейінгі бүлдіршіндерге, сосын 2, 3, 4 жастағы балаларға және медицина қызметкерлеріне екпе салынады.