СҚО-да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы сотталды

Ал Солтүстік Қазақстан облысында бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы 7 жылға сотталды.

Ол Ғабит Мүсірепов ауданында іс жүзінде жөнделмеген жолдарды қабылдап, мердігер ұйымның шотына ай сайын ақша аударып отырған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда мемлекетке келтірілген  шығын 427 милиион теңге көлемінде. Шенеунікпен бірге жол құрылысымен айналысқан кәсіпкер мен техникалық қадағалау ұйымының сарапшысы да сотталды. Жол құрылысындағы заң бұзушылықтар Петропавлда да анықталды.

Әмір Рақымов, облыстық прокуратура басқармасының прокуроры:

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы орындалмаған жұмыстарды орындалды деп бірнеше актіге қол қойған. Сонымен қатар техникалық қадағалау ұйымының сарапшысы мен кәсіпкер де 7 жылдан арқалады. Одан бөлек Петропавл қаласы бойынша 20 көшеге төселген жолдың талапқа сай емес екені анықталды. Қазір кемшіліктерді жойып, лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр.