Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына ₸1 млрд айыппұл салынды

Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына бір миллиард теңге айыппұл салынды.

Жыл басынан бері емдеу мекемелерінен жүз мыңнан астам кемшілік анықталды. Оның басым бөлігі стоматологиялық, зертханалық және диагностикалық қызмет түрлеріне қатысты. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» өңірлік филиалының сарапшылары аймақтық дәрігерлер тарапынан емдеу хаттамаларын өрескел бұзу фактілерін де әшкереледі. Мониторинг нәтижесінде стационарлық ем көрсету ұйымдарының да біраз былығы ашылды.     

Рысбек Қойшыбаев, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ОФ бас сарапшысы:

- Айта кететін нәрсе қайтыс болған науқастарға сараптама жүргізу барысында 46 млн тг айыппұл салынған. 7 ауданның ауруханаларымен қоса қалалық көпбейінді ауруханалар жатады. Тағы да айтып өтетін мәселе өңірде 33 млн тг расталмаған немесе қоса тіркеу деректері анықталды.