Елде мемлекеттік бақылаудың жаңа жүйесі енгізілуі мүмкін

Реформалау шеңберіңде бизнесті жазалаудан гөрі құқық бұзушылықтың алдын алуға көшу көзделген.

Осы ретте 326 түзетуді қамтитын заң жобасы әзірленді. Оған сай мемлекеттік органдар прокуратураның келісімінсіз өнеркәсіптік қауіпсіздік, сәулет, қала құрылысы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және ветеринария салаларында тексеру жүргізе алады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, жедел әрекетті талап ететін бірқатар фактор бар. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе әлеуметтік желілерде заңсыз я сапасыз құрылыс туралы жарияланған видеолар құрылысшының қызметін тексеруге негіз бола алады. Оның кестесі автоматты түрде жасақталады. Тексеруші орган кәсіпкерлік нысанға ескертпей келуі мүмкін.