«Жайлы мектептерде» отандық жиһаз қолданылады

Жаңа форматтағы мектептер құрылысы кезінде барлық жиһаз қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар сыртқы қасбеттері отандық өндірістің тауарымен әрленбек. Үкімет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына отандық жиһаз және әрлеу материалдарын өндірушілердің қатысуын арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Құрылыс сапасын бақылайтын арнайы мониторинг жүргізіледі.

Жалпы «Жайлы мектеп» жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді. Оның аясында 740 мың орындық 369 мектеп ашу жоспарланған. Бұл өз кезегінде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік береді.