Елімізде «Eolus» қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр

Еліміздің 10 өңірінде «Eolus» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алаяқтық әрекеттер Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелді. Күдіктілер құйылған қаржыдан «күн сайын 4%-ке дейін табыс түседі» деп салымшыларды тартқан. Құзырлы органның хабарлауынша, бұл қаржы пирамидасына кемінде 3 000 азамат тіркелген. Оның ішінде 1800-ге жуығы 259 млн теңгеге шығын келгенін айтып арызданған.