Пульмонологтар медицинадағы жаңа тәсілдерді талқылады

Елімізде пульмонолог дәрігер тапшы.

Бұл туралы Ұлттық респираторлық медицина конгресі барысында айтылды. Сала мамандарының айтуынша, пандемиядан кейін өкпе және тыныс алу жолдарының аурулары көбейген. Бұл ең қатерлі 5 сырқаттың қатарына жатады. Ал оның алдын алу үшін тың технологияларды енгізу қажет дейді. Астанада бас қосқан тәжірибелі дәрігерлер диагностика және емдеудің тиімді әрі сенімді тәсілдерін сөз етті.

Сонымен қатар еліміз бойынша жыл сайын 4 миллионға жуық адам тұмау және басқа да вирустық инфекциямен ауырады. Дәрігерлер бұл жағдайда респираторлық аурулардан болатын өлім-жітім жоғары болатынын айтты.

Абай Байгенжин, Ұлттық ғылыми медицина орталығының төрағасы:

- Жалпы диагностика, емдеу жағынан біз артта емеспіз. Біздің дәрігерлер бұл жағынан қабілетті. Ол ауруларды стационар арқылы өткізу керек. Онда ең бірінші осы ауруға диагноз қойып, емдеуді бастауымыз керек. Одан кейін барып емханаға жіберуге болады. Пандемиядан кейін көп ауру, респираторлық аурулар вируспен қосылып, оңай болмайды. Сондықтан кешенді түрде емдеуіміз керек.