Шымкентте 39 бала уақытша бейімдеу орталығына жеткізілді

Шымкентте мезгілсіз уақытта көшеде жүрген екі жүзден аса бала ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд жүргізді. Нәтижесінде 39 баланы уақытша бейімдеу орталығына жатқызды. Сондай-ақ ойын-сауық орталықтары мен тойханаларға жетпістен астам адамды заңсыз жұмысқа тартқан кәсіпкерлер   айыппұл арқалады. Қалада кәмілет жасына толмаған балалар арасындағы қылмыс көбейіп кетті.Сондықтан, жыл соңына дейін жиі рейд жүргізілетін болады.

Ұлықбек Мылтықов, қалалық  жергілікті полиция басқармасының бастығы:

- Осы қылмыс бойынша алдыңғы жылы 60 қылмыс болса, қазір 94 қылмыс болып отыр. Ұсақ бұзақылық та бар, ұрлық, тонау бар. Основном қазір көп қылмыс ұрлық. Осы бағыт бойынша қазіргі кезде Полиция департаменті күнделікті нақты жұмыстар жүргізіп, әр жерде профилактика өткізіп отырмыз.