Қаржы пирамидасы: 5 қылмыстық іс тіркелді

Қызылордада Qnet қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

40 жәбірленушіге 53 миллион теңге көлемінде келтірілген залал толығымен өндірілген. Ал 47 миллион теңгенің мүлкіне арест қойылды. Сонымен қатар «Чиа-Тай-Тяньцин Фармасьютикал» қаржы пирамидасының Қызылорда қаласындағы құрылымдық бөлімшесін басқарған келіншек қамауға алынды. Бұл компания өзін инвестициялық ұйым ретінде таныстырып, жәбірленушілерге 26 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Ерлан Қасқырбайұлы, облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:

- Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта бас шарасы күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс қазіргі уақытта тергеліп жатыр. Сотқа жолдану сатысында. Бүгінгі күнге дейін ағымдағы жылы департаментпен 5 қылмыстық іс тіркелді. ҚР қылмыстық кодексінің 217- бабы, яғни қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық жасау, құрылымдық бөлімшесін басқару деген баптарменен.