Павлодар облысында көз аурулары «жасарып» барады

Павлодар облысында көз ауруларына шалдыққан балалар мен жастар көбейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың офтальмологиялық қызметі бір жылда 5 мың операция жасайды. Бұрын көмекке жүгінетіндер егде жастағы кісілер болса, қазір науқастардың орташа жасы 35-40-тың шамасында. Көз жарақатын алған балалар да көбейген. Мамандардың айтуынша, бұған гаджеттер мен компьютер алдында көп отыру, электрондық құралдарды жиі пайдалану себеп. Экологиялық жағдай мен ағзаның әлсіз иммунитетінің де әсері бар. Жұмысқа қабілетті адамдар арасында катаракта, глаукома, көз ішкі торының қабаттану аурулары жиі кездеседі.

Айжан Айтқазы, офтальмолог-дәрігер:

- Жастар да, үлкендер де, балалар да – барлығымызға окулистке жүгінуге тура келеді. Сондай-ақ смартфонмен бірге, әрине, бірден-бір ол гигиена сақтамау деп аталады. Яғни, толықтай дұрыс күтім болмағандықтан, науқастардың саны күннен күнге өсіп жатыр. Біз жедел көмек көрсеткендіктен, біздің көз жарақаттары бөліміне кіші балаларды да алып келуі мүмкін. Оларға да барынша көмек беруге тырысамыз. Балаларда көбінесе, жаңағы мипия дейміз ғой, сондай сырқаты бар балалар.