Отбасындағы озбырларға қарсы жаза қатайтылады

Отбасындағы озбырларға қарсы жаза қатайтылады

Елде тұрмыстық-зорлық зомбылыққа қарсы жаза күшейеді. Қазір заң жобасы әзірленіп жатыр.

Бұл туралы депутат Айдос Сарым мәлімдеді. Оның айтуынша, құжат қатаңдайды, бірақ әйелдер мен балаларды қорғау үшін тек мемлекеттік органдарға ғана иек арту аздық етеді. Бұл кеселмен қоғам болып күресу керек. Тәрбиеге мән беріп, заң үстемдігіне бағыну маңызды. Тіпті көрші-көлем, ағайын-туыс та заңсыз әрекетке бейжай қарамауы тиіс. "Қазір ел азаматтары өзіне жасалған қысымға төзімсіздік таныта бастады. Бұл жақсы өзгерістің басы", - деді депутат.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл енді қоғамдық мәселе. "Мен тимесең, мен тиме, бадырақ көз" деген сияқты психологиямен жүре беретін болсақ, біздің қоғам ешқашан дамымайды. Күшейетіні анық. Президент тапсырмасы бар, жалпы Парламентте де екі қайтара депутаттық сауал жолданды. Басқа да дүниелер айтылып жатыр. Яғни қоғамның талабы деп есептеп отырмыз ғой.