Атырауда республикалық ғылыми конференция өтті

Атырауда Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар жалғасып жатыр.

Бүгін «Махамбет мұрасы – елдіктің өшпес рухы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға ақын шығармашылығын зерттеп жүрген ғалымдар, жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. "Махамбеттің ерлігі ұрпаққа өнеге",- дейді жиналғандар. Арнайы келген қонақтар батырдың мерейтойына арналған іс-шаралардың өзге өңірлерде де өтіп жатқанын айтты. Ақын шығармашылығын ұлттық деңгейде дәріптеу мәселесі талқыланды. Басқосуда педагогика ғылымдарының кандидаты Бибігүл Қайыржанованың «Махамбет шығармалары арқылы жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мен оқытудың өнегесі» атты монографиялық еңбегінің таныстырылымы өтті.

Қадір Жүсіп, филология ғылымдарының докторы:

- Исатай мен екеуі бірге жүріп, халықтың бостандығы жолында, ар-намысы жолында күрескен адамдар. Махамбет тек ақын емес, батыр. Ол Исатай бастаған шаруалар көтерілісінің үлкен идеологы. Оның 70-80-ге тарта жыры бар. Сол жырының бәрінде айтылатын нәрсе, тек қана елді қорғау, батырларды дәріптеу.