Елордада Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Елордада консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында қала әкімдігінің өкілдері атқарылған жұмыс пен келесі жылға арналған жоспарлары жайлы есеп берді. Өз кезегінде Тәлімгерлер кеңесі мүшелері өз ұсыныстарын айтты. Олардың пікірінше, аға буынның тәжірибесіне сүйену жұмыс тиімділігін арттырады.

Ерсұлтан Бектұрғанов, Тәлімгерлер кеңесінің мүшесі:

- Барлық облыс, барлық қала, барлық аудандарда тәлімгерлер комиссиясы. Бұл комиссияның негізгі жұмысы, сол жергілікті жерде, мемлекеттік қызметте адал, жақсы қызмет жасаған адамдарды мүшелікке шақырып, солар жаңадан мемлекеттік қызметке келіп жатқан жастарға өздерінің тәлім-тәрбиесін, ақыл-кеңесін беретін, сондай кеңестік комиссия.