Ұлытау облысында үш бірдей қаржы пирамидасы анықталды

Ұлытау облысында жыл басынан бері 3 ірі қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды.

Бұларға 9 мыңнан астам адам алданған. Жәбірленушілер қатарында өзге облыстардың тұрғындары да бар. Алаяқтар уәдені үйіп-төгіп, жұртты инвестициялық жобаға қомақты қаржы салуға үгіттеген. Мамандар енді елге мұндайларға алданып қалмау жолын түсіндіріп әлек. Мұның сыртында құмар ойынның зардабын да ескертіп жатыр.    

Мұрат Шаяхметов, облыс бойынша Экономикалық тергеу департаменті ұйымдастыру-бақылау басқармасының бастығы:

- Екі жүзден астам адам зардап шекті. Қазақстан бойынша зардап шеккендердің саны 9 мыңнан асады. Тек, Ұлытау облысы бойынша шығын сомасы 96 миллион теңгеден асады. Бұл қылмыстың түсінігі мен құрылымы өте күрделі. Ең алдымен, олар жарнамаға арқылы  алғашқы салымшыларды тартады. Оларға шын мәнінде алғашқы төлемдерді жасайды. Ал одан әрі қызығушылық танытқан азаматтарды тақырға отырғызып кетеді.