Орман шаруашылығының бұрынғы басшысы сотталды

Басаман орман шаруашылығының бұрынғы басшысы Асхат Жақашев төрт жарым жылға сотталды.

Ол Әулиекөлде болған алапат өртке қатысты істе кінәлі деп танылды. Бұған дейін оған дәл осындай мерзімге шартты жаза тағайындалған болатын. Кейін іс облыстық сотта қайта қаралып, үкім өзгерді. Сот материалдарына сүйенсек, Асхат Жақашев өрт қаупі жоғары маусымда жеке кәсіпкерлерге орманда жұмыс істеуге рұқсат берген. Ол үшін тіпті жүйелі түрде пара  алып отырған. Екі жылда есепшотына заңсыз 16 млн теңге түскен.

Арман Шәмшиев, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

- Ол лауазымды қызметте болған кезде өрт қауіпті кезеңде кәсіпкерлерге орманда жұмыс істеуге тыйым салынғанын білді. Десе де, бұл ережені елеген жоқ. Яғни, ағаш отауға рұқсат беріп, заңға қайшы әрекет етті.