Павлодарда көшеттер қурап қалды

Павлодардағы саябақтарға бір жылда 23 мыңнан астам көшет егілді.

Оның 7 мыңы «Құлагер» ипподромының маңына отырғызылды. Мердігер жасыл  желекке күтім жасауды биолог маманның жетекшілігімен жүргізді.  Дегенмен ағаштарды тексерген тәуелсіз экологтар оның 29%-інің қурап кеткенін анықтады.

Бұл аумаққа  үйеңкі, тал, қайың, терек, қарағай сынды ағаш көшеттері егілген. Олардың жартысынан көбі қурап жатыр. Ал осы жобаға жетекшілік еткен Татьяна Пономареваның айтуынша, бұл – жай ауырсыну. Сол себепті   мердігер ұйым жұмысқа 3 жыл бойы жауап беруі тиіс, - дейді ол. Ал жарамсыз ағаштарды шарт бойынша алмастыру керек болады.

Татьяна Пономарева, эколог-сарапшы:

- Бұл жағдайға байланысты айтарым,  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі балансқа алмас бұрын қураған өсімдіктерді ауыстыруды талап етуі керек. Мердігерлер үшін бұл – тиімсіз және артық шығын. Жас көшеттерге күтім жасауға байланысты олар ақыл-кеңес алып отырды.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Енді бірер жылда бұл жер ну орманға айналуы тиіс болатын. Алайда өткен жылы отырғызылған жас көшеттер мына менің қолымдағыдай қу таяққа айналған. Алайда жағдай соншалықты күрделі емес екен. Мәселен, мына қураған көшеттің орнына жас шыбықтар өсіп шыққан.

Көктемгі көшет егу жұмыстарының нәтижесі қалалық әкімдікті де  алаңдатып отырған сыңайлы. Өйткені олар «Құлагер» ипподромының  жанында егілген ағаштарды тағы бір мәрте түгендеуге шешім қабылдапты.

Оразбек Саяхат, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің бас маманы:

- Биолог-сарапшы өзінің қортындысын бөлімнің мамандарымен бірге барып тексеріп, өзінің бағасын берді. Енді осы қарама-қайшылыққа байланысты осы «Эком» ҚБ-не хат жолданды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен. Осы Павлодар қаласының экологтарынан ресми түрде тағы да бөлек қортынды беру туралы.

Ағаштардың жаппай қурап жатқанын мамандар құрғақ климатпен  байланыстырады. Жазда ылғал аз түсті. Қарашадағы жылы ауа райының да   жасыл желек үшін пайдасы аз көрінеді. Ылғалдың көптігінен аяз түскенде  өсімдіктердің көбі үсіп кетеді.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбай, Марат Игіліков.