Павлодар облысында қатты дауыл соқты

Өткен түнде Павлодар облысында қатты дауыл тұрды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйытқып соққан желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жеткен. Соның салдарынан ғимараттардың шатыры ұшып, ағаштар құлап, электр жарығы өшті. Төтенше жағдайлар департаментінің  құрылымдары мен коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Арнайы штаб құрылып, жедел желі іске қосылған. Мамандар қолайсыз ауа райында далаға шықпауға кеңес береді.