Павлодар облысында өрт оқиғалары азаймай тұр

Павлодар облысында жеке тұрғын үй секторында өрт оқиғалары азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылыту маусымы басталғалы өңірде 17 рет өрт болды. 2 адам газдан уланып, көз жұмды. Мамандардың айтуынша, тұрғындар қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамайды. Сондықтан қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Әлеуметтік осал топқа жататын жандардың үйі тексеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 165 жеке сектордан 260 бұзушылық анықталды. Тұрғындар көбіне пешті дұрыс пайдаланбайды. Қазір дабыл құрылғыларын орнату жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандардың айтуынша, көбіне қауіпсіздік талабы жатақханаларда жиі бұзылады.  

Оразбек Уәлиханов, облыстық ТЖД  басқарма бастығы:

- Анықталған кемшіліктер бойынша қазір тағы қайта өткізетін боламыз. Сол кезде қарайтын боламыз, кемшіліктер түзетілді ме, жоқ па және улы газдың датчиктері, 203 датчик орнатылды тұрғындарымызға. Оларды мемлекеттік емес ұйымдар немесе жергілікті атқарушы демеушілеріміз орнатты.