Полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді

Полиция күшейтілген қызмет режиміне көшті.

Қарашаның соңғы 10 күнінде саяжайлар, құрылыс объектілері, базарлар, шаруа қожалықтары мен жалдамалы пәтерлер тексеріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Нашақорлық пен қолайсыз отбасыларда құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін рейд жүргізіледі. Сонымен қатар жол қозғалысын бақылау күшейеді. Стихиялық қоқыс орындарын және олардың шығу көздерін анықтауға баса мән беріледі.