Қонаев қаласында панкратионнан республикалық турнир өтті

Қонаев қаласында панкратионнан Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған алғашқы республикалық турнир өтті. 

Аралас жекпе-жекке елдің әр өңірінен 350-ге жуық спортшы қатысты. Жарыста 8 бен 17 жас аралығындағы жас спортшылар бақ пен бап сынасты. Панкратион - тай боксы, кикбоксинг, джиу-джитсу, каратэ, самбо мен басқа да жекпе-жектің барлық әдіс-тәсілдері қолданылатын спорт түрі. Турнирде 42 салмақ дәрежесі бойынша жүлде сарапқа салынды. Оның тең жартысын, яғни 21 алтын медалді Алматы облысының «Жекпе-жек» мектебінің спортшылары жеңіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Талғат Ибрагимов облыстық панкратион  федерациясының президенті:

- Алматы облысында бізде әлем чемпиондары бар, әлем жүлдегерлері бар. Қазақстан чемпиондары өте көп. Мықты балалар шығып жатыр біз жақтан Спорт түрі ішінен панкратион мен ММА қатты дамып жатыр. Панкратионға өте көп жасөспірімдер келеді.