Семейде атты полиция жасағы құрылды

Тәртіп сақшыларының айтуынша, құқық бұзушылықтың көбі саяжайларда тіркеледі.

Сондықтан патрульдік полиция батальонының атты әскер взводы көлік жүре алмайтын аумақтарды, жағалаулар мен саябақтарды бақыламақ. Кавалерия бөлімшесін қажетті құралдармен және арнайы әбзелдермен қала әкімдігі қамтамасыз еткен.

Қайрат Әбдіғалиев, Семей қалалық ІІБ бастығы:

- Қала әкімшілігі полиция имиджін қалыптастыруда жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Бүгін «Сергек патруль» аталатын жүйе орнатылған көліктерге қол жеткіздік. Патрульдік полиция батальонының атты әскер взводы барлық талапқа сай келетін құралдармен қамтамасыз етілді. Айрықша белгілері бар киім мен ат әбзелдері берілді.