10 млн га жерді қайтару керек – депутат

Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында игерусіз және тиімсіз пайдаланылған жер телімдерін қайтару мәселесін көтерді.

Содан бері әсіресе, бұған дейін заңсыз жолмен өзгенің иелігіне өткен ауқымды жер учаскелері назарға алынды. Себебі өңірлерді дамыту үшін жайылым, шаруашылық түрлерімен айналысу мақсатындағы жер телімдерінің тапшылығы өзекті. Жергілікті әкімдіктер жанынан жер комиссиялары жұмысын бастап, осы мәселені қолға алды. "Жер аманаты" бағдарламасы аясында 8 млн-нан астам жер учаскесі анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылды.

Серік Егізбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Сайлаушылардың, халықтың қайта-қайта көтеріп жаьтқан сұрақтарының бірі болғасын біз жайылым туралы заңды қайта қарастырып жатырмыз. Бұның негізгі тетіктері – қазір бір гектарға өзінің нормативтік мөлшері бар. Қазір 20 пайыз болса, біз 50 пайызға дейін көтергіміз келеді. Ол бізге, жалпы, 10 млн гектарды қайтадан айналымға алып келуге болады деген сөз. Екінші, біз мына агробанк жөніндегі әңгімені көтеріп жатырмыз. Бір арнайы агробанк ашылса, ауыл тұрғындарына көптеген жеңілдік береді деген ойдамыз.