Жемқорлыққа қарсы күрестегі қоғам рөлі

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам тарапынан қандай ұсыныстар бар? Бұл мәселе бүгін Астанада өткен халықаралық форумда талқыланды.

Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырылған жиын БҰҰ жемқорлыққа қарсы конвенцияға 20 жыл толуына орайластырылды. Оған Орталық Азияның сарапшылары қатысып, конвенцияның жүзеге асырылу барысын таныстырды. Іс-шараны ұйымдастырушы – «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігі. Қоғамдық ұйым соңғы он жылда үкіметке 50-ден астам ұсыныс енгізген. Оның ішінде, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықтан бөлек, тұрмыстық жемқорлықтан арылу механизмдері де бар. Бірсыпырасын үкімет назарға алып, іске асырған. «Президенттің бүгінде қолға алған бастамалары сол конвенцияның қағидаттарына толығымен сай келеді», - дейді республикалық қоғамдық бірлестік өкілдері. 

Дәулеткерей Рахметуллин, "Жаңару" РҚБ төрағасының орынбасары:

- Екінші мәселе, Президенттің ағайындары басқа жерлерде қызметі болмау. Осы мәселені біздер жалғастырып, қазір ұсынысымызды сотта, парламентте, прокуратурада, агенттіктерде, министрліктерде осы принцип ары-қарата дамысын деп. Біздің дамытатын процестеріміз әлі өте көп.