Семейде қазандықтарды жөндеуге бөлген қаржыны жымқырған

Семейде үш қазандықты жөндеуге деп бөлінген қаржы жымқырылды.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, былтыр осы мақсатқа бюджеттен бөлінген 67 млн теңге шығын болды. Мердігер компания жылу нысанында жөндеу жүргізіп, қазандықтарды ауыстырған. Алайда, сапасыз атқарылған жұмыс салдарынан қалаға жылу дұрыс жеткізілмеді. Дәл осындай мәселе Аягөз және Курчатов қалаларында да болған. Мәлім болғандай, мердігер 1 млрд 200 млн теңгеге жөндеу жүргізген. Бірақ сапасы сын көтермейді. Мердігер компанияның директорына қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оған қаржы мен мүлікті заңсыз иемденген немесе жымқырған деген айып тағылып отыр.