Ұлытау облысында азық-түліктің кейбір түрінің арзандағаны байқалады

Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің кейбір түрінің арзандағаны байқалады.

Қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, қант, тауық еті мен нан өнімдерінің бағасы төмендеген. «Бұл тұрақтандыру қорын пайдалану нәтижесінде болды»,- дейді мамандар. Өңірге жұмыс сапарымен барған сауда және интергация вице-министрі Қайрат Балықбаев осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты. Десек те, халық күнделікті тұтынатын азық-түліктің басқа да түрлеріне бағаны төмендету мүмкін болмай отыр. Себебі, көбі сырттан әкелінеді. Баға логистикалық шығардардың есебінен жоғары болып тұр. Одан бөлек, бағаны негізсіз өсіретін саудагерлер де бар. Жыл басынан бері осындай 33 жағдай тіркелген. Қайрат Балықбаев көтерме-тарату орталығының, нан зауытының және ірі сауда желісінің жұмысымен танысты. Кәсіпкерлермен кездесіп субсидиялау,   азық-түлік зертханасын ашу секілді мәселелерді талқылады.

Қайрат Балықбаев, Сауда және интеграция вице-министрі:

- Әлеуметтік маңызы бар тауарларды өздеріңіз білесіздер біз қадағалаймыз. Сауда обьектілері жағынан олардың бағасын асырмау туралы координациялық жұмыстар жасаймыз. Сондықтан солардың бәрін тексеріп қарадық, көрдік. Сөйлестік, кәсіпкерлермен де сөйлестік.