Қарағанды облысында әлеуметтік осал топтағы жандарға 212 грант берілді

Биыл Қарағанды облысында әлеуметтік осал топтағы жандарға 212 грант берілді.

400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қаржы кәсіп ашуға немесе оны дамытуға бағытталған. Кәсіпкерлерге арналған ұлттық жоба 2025-ші жылға дейін жалғасады.  

Нарғиса Қалдыбекова, кәсіпкер:

- Алматы, Тараз, Астана, Балқашқа жіберіп жатырмыз. Осы Қарағанды қаласының өзіндегі үлкен магазиндерге де көп заказ. Ас жиһаздарына да аппарат бар. Бірақ біз осының өзіне үлгермей жатырмыз. Алла қаласа жұмыскерлерді көбейтіп жатырмыз. 6 кісі жұмыс істеп жатыр.

Мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант – бұл бастапқы капитал. Қарағанды облысында осы грантты алып экономиканың әр секторын қозғайтын салада жұмыс бастағандар жеткілікті.

Нұржан Сыздықов, облыстық еңбек мобильділігі орталығының басшысы:

- Өткен жылы алған, 2022-ші жылы алған қайтарымсыз гранттардың бүгінде нәтижелері өте жақсы. 2024-ші жылға тағы да қарастырылып жатыр. Осы қайтарымсыз гранттарды беру себебі өз нәтижесін беріп жатыр.

«Кәсібін енді бастаған жандар үшін мемлекеттің шағын қолдауы жақсы серпін береді», - дейді әлеуметтанушылар.

Ғазиза Жамалиева, әлеуметтанушы:

- Осы грантты алып бизнесін жақсы жолға қойса, әрі қарай да мемлекеттен көмектер беріледі ғой. 5 млн алып кәсіпті әрі қарай кеңейтуге болады.Одан кейін 15 млн.теңге иегері болуға мүмкіндіктері бар. Стартап бизнес ашу үшін қолайлы деп есептеймін.

Қарағанды қаласы бойынша өткен жылы да 200-ге жуық грант берілген. Алғандардың көбі өзі ісін жүргізіп отыр. Қаржыны мақсатсыз пайдаланып,  ісі сотқа жеткендер саны саусақпен санарлық дейді мамандар.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар