Елордада студенттер прокуратура жұмысымен танысты

Елордада елуден аса студент қалалық прокуратураға барды.

Болашақ заңгерлер қадағалаушы органның жұмысын көрді. Іспен танысты. Прокуратураның бір мақсаты - маман тапшылығын шешу. Осы орайда жастарға құқық қорғау органдарының академиясы жөнінде мағлұмат берді.

Жеңіс Пірімбек, қалалық прокуратураның аппарат басшысы:

- Құқық қорғау академиясына түсу жолы, ондағы оқу мерзімі, онда не оқытады, сол туралы толыққанды ақпарат беріледі. Екінші мәселе кадр тапшылғы бар. Сондықтан осы ЖОО студенттерін осы мақсатты шықырып жатырмыз. Жыл сайын әртүрлі іс-шараға программасын өзгертіп айтамыз. Студенттерге жан-жақты түсіндіреміз. Себебі, прокуратура органдары бір орында тұрған жоқ. Ақпараттық тұрғыда дамып жатыр.

Әкімшілік құқықбұзушылық 60 пайызға артты

Прокурорлар қаланың құқықтың ахуалын да баяндады. Қадағалаушы орган тұрғындар шағымын тексеру арқылы бірқатар құқықбұзушылықты анықтаған. Мәселен, 300 мыңнан аса отбасының жарыққа артық ақша төлегенін дәлелдеді. Ресми дерекке сүйенсек, шаһарда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс 20 пайызға азайған. Биыл 43 дерек тіркелді. Әрбір екінші қылмысты адамдар мас күйде жасаған. Ал әкімшілік құқықбұзушылық 60 пайызға артты. Оның ішінде ұзақ бұзақылық дерегі көп.

Марат Дүйсебаев, Астана қаласы прокурорының көмекшісі:

- Қоғамдық орынды ластау және ұсақ бұзақылық деректері тыйылмай тұр. Әсіресе, өзгенің мүлкін бүлдіру белең алып кетті. Жыл басынан бері мұндай 5 мыңнан аса дерек тіркелді. Ал жалпы алсақ, 16 мың адам жауапкершілікке тартылды. Келеңсіз жағдайдың куәгері болсаңыз бей-жай қарамай, құзырлы органға хабарласуды сұраймыз.