Бүгін - Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күрес күні

Осынау дата еліміз үшін аса өзекті.

Мемлекет басшысы биыл қыркүйек айында Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайтынын айтқан еді. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Президент кеңесшісі Ерлан Қарин жазды. Бүгінде Мәжілістің бір топ депутаты бастамашылық танытып, Заңға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздеп отыр. «Әйелдер мен балаларды қорғау үшін бұл қоғам дертінің түбіне балта шабатын уақыт келді», - дейді мәжілісмендер. Мемлекет мәселеге бейжай қарай алмайды. Осыған байланысты әлеуметтік ортада жоғарыда аталған қылмыс түріне "нөлдік төзімділік" қағидатын енгізу керек. Соңғы уақытта болған жағаұстатарлық жайттар осыны аңғартты.