Ерлі-зайыптының жанжалы: Шымкентте әлеуметтік сынақ ұйымдастырылды

Қоғам неге қатал болып барады? Шымкентте ерлі-зайыпты жанжалдасып, бір сағаттай тұрған.

Бірақ оларға ара түскендер некен-саяқ. Мұндай әлеуметтік сынақты AMANAT партиясының «Жастар рухы» қанаты ұйымдастырған еді. Жасырын камера жанжалдасқан екеудің жанынан өтіп бара жатқан азаматтардың іс-қимылы мен реакциясын сырттай бақылады. Өкінішке қарай, мейірімді жандар аз екенін көрдік, - дейді жастар.

Абай Сырлыбаев, AMANAT партиясы «Жастар рухы» жастар қанаты филиалының консультанты

- Көбі өтіп кете берді. Бірақ арасында араға түсіп, олай болмайды деп араша түскендер де болды.