БҚО-да мыңнан астам тұтынушы жарықсыз отыр

Оралдың өз басы мен Батыс Қазақстан облысының 7 ауданында мыңнан астам тұтынушы жарықсыз отыр.

Өңірде екі күн бойы ақтүтек боран соғып, осындай қолайсыздық тудырды. Желілерді қалпына келтіру жұмыстарына коммуналдық кәсіпорыннан 130-ға жуық адам мен 30-дан астам техника жұмылдырылған. Қазір қар толастаған. Ауа температурасы 2 градус. Дегенмен, облыста электр желілерінің 82 пайызы тозып тұрғанын айта кету керек.

Air Astana әуе компаниясы да Орал қаласына бірқатар рейстердің тоқтатылғанын хабарлайды. Алматы-Орал бағытындағы КС 881 рейсі Атырау қаласының әуежайына қонуға мәжбүр болған. 

Миржан Нұртазиев облыстық энергетика және ТКШ басқармасының өкілі:

- Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниямен жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда 665 тұрғын жарықсыз отыр. Екі мыңға жуық шақырым электр желілерін ауыстыру қарастырылған. Қазіргі таңда ЖСҚ дайын. Бұл жұмыстарға 20 млрд тенге қарастырылуда жалпы бүкіл аудан бойынша. Бөлінген жағдайда желілердің тозуын 60 пайызға дейін түсіру жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ...