Елде шағын және орта бизнес қанат жайып келеді

Шағын және орта бизнес 4 миллионнан астам қазақстандықты жұмыспен қамтып отыр.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады. Кәсіпкерлердің саны былтырғыдан 18 процентке артқан. Биыл оларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға бір жарым млрд теңгеге жуық грант берілді. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру бойынша Астанада 1570, Алматы мен Маңғыстау облыстарында 1300-ден астам бизнес жоба мемлекеттік қолдау тапқан. Ал жаңадан құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында белсенділік төмен.

Нұрбол Жанабеков, ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры:

- Осы 2023 жылға келсек 11 айына субсидиялау құралына 9 мыңнан астам кәсіпкер қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 680 миллиард теңгеге дейінгі кредит сомасы бойынша және кепілдемені мемлекет тарапынан 7 мыңға жуық кәсіпкер алған. 270 млрд теңге кредит сомасына. Қайтарымсыз грандтар 370-ке жуық кәсіпкерге берілген. 1,4 млрд теңге және жетіспейтін инфрақұрылым 23 жобаға мемелкет тарапынан қолдау көрсетілген.